OPEN-дегі жұмыс

OPEN командасы — бұл бірге тау қопаруға және қолдан келмейтін нәрсені жасауға дайын әлемге ашық көзқараспен қарайтын адамдар.

Команданың әр мүшесі өз тәжірибесімен, білімімен және ұмтылыстарымен бірегей және қымбат. Біз — клиенттермен, серіктестермен және бір-бірімізбен адал және құрметті диалогты, жаңа ойларды, идеяларды, мүмкіндіктер мен таныстықтарды қолдаймыз. Біз күрделі және өршіл міндеттерден қорықпаймыз, өйткені біз жұмылған командамыз!

Жетістік тарихы

Команда болып жұмыс істеу, жауапкершілік, бастамашылық және белсенділік, клиентке назар аудару біздің табысты қызметкерлерімізді айрықша етеді және олардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.

OPEN компаниясы біздің адамдарымыздың күш-жігерінің, олардың алға қойған мақсаттарға жетуге дайындығының арқасында белсенді дамып келеді. Бізбен бірге сіз жауапкершілік аймағын кеңейту, жаңа жобаларға қосылу және жаңа идеяларды ұсыну арқылы өз әлеуетіңізді іске асыра аласыз. Сіздің еңбегіңіз міндетті түрде байқалып, лайықты бағаланады!

Степан Кадников
Менеджер по работе с клиентами
Екатерина Заграничек
Руководитель группы проектов Business Support
Анастасия Ильина
Outsourcing Recruitment Team Leader
Дарья Калимулина
Руководитель службы Business Support
Кирилл Блатов
Менеджер по работе с клиентами
10 ай
Мерчандайзер
2 жыл және 1 ай
Супервайзер
5 ай
Аумақтық менеджер
4 ай
Аймақтық менеджер
Қазіргі уақытта
Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер
Open командасындағы жұмыс маған оқу ақысын төлеу үшін уақытша, тұрақты, қарапайым жұмыс қажет болған кезде, оқуды бітіргеннен кейін неғұрлым "маңызды" бірдеңе табуды жоспарлаған кезімде мені өзі тапты. Жағадайлардың тоғысуымен бейімделіп, қызығушылық танытып, жұмыс ерекшелігіне терең үңіліп, қызығушылық таныта бастадым, мұны басшылық байқады, нәтижесінде менің қызметім алғашқы рет жоғарылады.

Белсенді көзқарас, ашықтық және жас менеджерлерге сенім білдіруге дайындық мені ірі FMCG әріптесінің мерчандайзинг аутсорсингі бойынша пилоттық жобасына әкелді.

"Пилот" Open үшін маңызды болды және сол уақытта мен Open атмосферасына шындап сүңгідім - көптеген әріптестеріммен танысып, ең бастысы, маған осындай адамдармен "иық тіресе" жұмыс істеу жайлы екенін түсіндім және мен команданың жалпы нәтижесі үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. Пилот сәтті аяқталды, ал мен Башқұртстан Республикасында осы жобаны дамыту үшін Аумақтық менеджер лауазымына шақыру алдым, ол жерден 5 айдан кейін үздік көрсеткіштер арқасында Мәскеуге жаңа келешегі зор жобаны, енді бүкіл аймақты басқаруға аттандым. Қазіргі уақытта мен үлкен жобаның менеджерімін және мұның барлығы Open арқасында.

Open - бұл жай ғана сөздер емес, ол біздің пәлсапамыз. Біз жаңа идеялар, ойлар, міндеттер, клиенттер үшін 24/7 ашықпыз. Бұл мүмкіндіктердің, жүзеге асырудың және қызықты кросс-жобалардың мықты ағыны. Менің айналамда бизнестің барлық қырларында зор сараптамасы бар есімдері үлкен әріппен жазылатын кәсіпқойлар. Open-дегі бірінші күннен бастап менің менторларым бар, мен олардан күн сайын үйренемін, ал ең бастысы біреу үшін мен де ментор болып табыламын!
4 ай
Аймақтық жоба менеджері
2,5 ай
Жобаның аккаунт менеджері
2 жыл
Клиенттік топ жетекшісі
Қазіргі уақытта
Business Support жобалар тобының жетекшісі

Мен OPEN-де аймақтық менеджер ретінде, ең алдымен, әуестігім болғандықтан жұмыс істеуге келістім және ұзақ ынтымақтастыққа үміт артқан жоқ болатынмын. Көптеген компаниялар әрдайым жылдам мансаптық және қаржылық өсуге уәде береді, алайда іс жүзінде барлығы қуантарлық емес. OPEN-де өсу және даму мүмкіндігі іс жүзінде бар және бұған жаңа позицияға көшкеннен соң 4 айдан кейін көзім жетті.

Мен жетекшілік еткен белсенді түрде өсіп жатқан жоба және компания ұсынған оқу клиенттермен өзара әрекеттестікте және команданы басқаруда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Белсенді және мақсатқа ұмтылған кәсіпқойлардан тұратын орта тек қызығушылық пен алға қарай жылжу ниетін қолдады

Генри Форд «барлығын осы күнге дейін жасалғаннан да жақсырақ жасауға болады» деп санады. Күн өткен сайын онымен көбірек келісемін, бұл одан әрі даму үшін үнемі жол табуға мүмкіндік береді.

1,5 жыл
Персоналды іріктеу жөніндегі менеджер
7 ай
Персоналды іріктеу жөніндегі жетекші менеджер
Қазіргі уақытта
Персоналды жаппай іріктеудің тим-көшбасшысы

Менің OPEN-ге келуім тағдырымды шешті, әлемге деген көзқарастарым компанияның құндылықтарымен бір жерден шықты. Әр жұмыс күні қызықты және шоғал болды, мен жаңа білім алдым және өз бойымдағы дағдыларды жетілдірдім. Командалық жұмыс маған өсуге және дамуға, біліміммен бөлісуге және адамдарды нәтижеге шабыттандыруға талпыныс берді, бұл маған жетекші маман, содан кейін жетекші, артынан ертетін және жаңа көкжиектерді ашатын көшбасшы болуға мүмкіндік берді.

Әрбір күннен мен ләззат аламын, өйткені мен сүйікті жұмысыма барамын. OPEN - бұл тәрбиелейтін, көмектесетін және қалыптасып танылуыма мүмкіндік беретін менің отбасым. Мұнда әркім ұжымның көмегіне жүгіне отырып, өз жолын таңдап, жаны сүйетін істі таба алады. Айқын мақсаттар, жаңа шыңдар, шексіз мүмкіндіктер – мұның барлығы OPEN!


5 ай
Account менеджер ассистенті
3 ау
Account менеджері, 1 клиент
2 жыл
Account менеджері, 5 жоба
1 жыл
Account менеджері, 9 жоба
Қазіргі уақытта
Business Support қызметінің басшысы

OPEN командасында мен бірнеше жыл жұмыс істеймін. Мен жай ғана өзгердім және есейдім деп айтсам дұрыс болмайды, мен жас маманнан бастап басшыға дейін үлкен жол жүріп өтіп, кәсіби маман ретінде өстім.

Компания бірден өзінің ұйымдасқан және айқын реттелген құрылымымен таңқалдырды. Бірінші күннен-ақ ұжым жақсы қарсы алды және қысқа мерзімде бейімделуіме көмектесті. Сондықтан тек менің тікелей міндеттерімді ғана емес, сонымен қатар менеджменттің заманауи әдістерін, бөлімшелер арасындағы тиімді өзара әрекеттестік ерекшеліктерін, сондай-ақ бизнес-ортаның бір бөлігі ретіндегі корпоративтік мәдениетті тез меңгердім.

Менің OPEN-мен ынтымақтастығымның ұзақ мерзімді және өнімді болуының негізгі себептері – бұл нәтижеге жұмыс істеуге оқталу, өз жауапкершілігімнің аясын кеңейтуге және өршіл мақсаттарға жетуге ұмтылу.


9 ай
Бірлескен мерчандайзингті дамыту жөніндегі менеджер
8 ай
Эксклюзивті мерчандайзингті дамыту жөніндегі менеджер, 1 жоба
2 жыл
Эксклюзивті мерчандайзингті дамыту жөніндегі менеджер, 2 жоба
Қазіргі уақытта
Эксклюзивті және инновациялық мерчандайзингті дамыту жөніндегі менеджер

Open командасындағы жұмыс маған оқу ақысын төлеу үшін уақытша, тұрақты, қарапайым жұмыс қажет болған кезде, оқуды бітіргеннен кейін неғұрлым "маңызды" бірдеңе табуды жоспарлаған кезімде мені өзі тапты. Жағадайлардың тоғысуымен бейімделіп, қызығушылық танытып, жұмыс ерекшелігіне терең үңіліп, қызығушылық таныта бастадым, мұны басшылық байқады, нәтижесінде менің қызметім алғашқы рет жоғарылады.

Белсенді көзқарас, ашықтық және жас менеджерлерге сенім білдіруге дайындық мені ірі FMCG әріптесінің мерчандайзинг аутсорсингі бойынша пилоттық жобасына әкелді.

"Пилот" Open үшін маңызды болды және сол уақытта мен Open атмосферасына шындап сүңгідім - көптеген әріптестеріммен танысып, ең бастысы, маған осындай адамдармен "иық тіресе" жұмыс істеу жайлы екенін түсіндім және мен команданың жалпы нәтижесі үшін бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын. Пилот сәтті аяқталды, ал мен Башқұртстан Республикасында осы жобаны дамыту үшін Аумақтық менеджер лауазымына шақыру алдым, ол жерден 5 айдан кейін үздік көрсеткіштер арқасында Мәскеуге жаңа келешегі зор жобаны, енді бүкіл аймақты басқаруға аттандым. Қазіргі уақытта мен үлкен жобаның менеджерімін және мұның барлығына Open себепші
Open - бұл жай ғана сөздер емес, ол біздің пәлсапамыз. Біз жаңа идеялар, ойлар, міндеттер, клиенттер үшін 24/7 ашықпыз. Бұл мүмкіндіктердің, жүзеге асырудың және қызықты кросс-жобалардың мықты ағыны. Менің айналамда бизнестің барлық қырларында зор сараптамасы бар есімдері үлкен әріппен жазылатын кәсіпқойлар. Open-дегі бірінші күннен бастап менің менторларым бар, мен олардан күн сайын үйренемін, ал ең бастысы біреу үшін мен де ментор болып табыламын!

Корпоративтік іс-шаралар

OPEN – бұл мүдделестердің үлкен және тату ұжымы!

Біздің дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз бар, біз туған күн иелерін құттықтаймыз және барлық мерекелерді атап өтеміз. Біз шер тарқата әңгімелесеміз, өйткені бір-бірімізге ашықпыз.