Ақылды сөрелер жүйесі

 

OPEN «ақылды» сөрелер жүйесі оларда тұрған өнімдер санының өзгеруін және қалған тауар санын оңай анықтауға мүмкіндік бере отырып, олардың сөреде қалай үлестірілгенін, сондай-ақ нақты қалай орналасқанын анықтауға мүмкіндік беретін жарықсезгіш датчиктермен жабдықталған. Егер сөрені толтыру қажет болса, жүйе ағымдағы күй туралы хабарламаны жүйеге жібереді және әрі қарай смартфонға немесе қызметкердің пошталық мекенжайына тауарды қоюына немесе тапсырыс беруіне хабарлама реттеледі.  

Біздің шешіміміз орналастырудың бірінші желісінде тауар жоқ болғанда немесе жалпы жағдайды болдырмау мүмкіндігін беріп қана қоймай, сондай-ақ сатып алу ағынының сыни төмендеуі және нақты сауда орны тиімділігінің төмен деңгейі туралы хабарлайды. 


Артықшылықтары

  1. OOS (Out-Of-Stock) жағдайларын болғызбау.

  2. OSA (On Shelf Availability) көрсеткішін арттыру.
  3. Орнату құнының қымбат еместігі және пайдаланылу қарапайымдылығы (Сөрелердің кез келген өлшем мен пішімге бейімделуі, үй-жайдың немесе жабдықтың температурасына, сондай-ақ жарықтандырылу деңгейіне тәуелді болмау).
  4. Санаттағы SKU өлшеміне және сөре өлшеміне бейімделу мүмкіндігі.
  5. Басқа шешімдермен оңай бірігуі (Мысалы, бейнелерді тану жүйесімен).

Нарықта «ақылды» сөрелердің басқа да технологиялары, оның ішінде салмақ датчиктеріне негізделген түрлері бар. Бұл шешімнің негізгі кемшіліктеріне орнатудың жоғары құнын, сондай-ақ деректердегі ықтимал қателіктерді жатқызуға болады. Мұндай ақылды сөрелер тауардың біткенін анықтай алады немесе қалған санын көрсете алады, бірақ олар сөреге салмағы бірдей өнімдер топтамасы ішінде дұрыс емес тауар қойылғанын анықтай алмайды. Сонымен қатар бұл жүйе барлық тауар санатына сәйкес келмейді, мысалы, егер өнім тым жеңіл болса немесе ауыр тауарларды ұзақ сақтағаннан кейін салмақ датчигі оны мүлдем сезбеуі мүмкін (Сыра санаты немесе Ит азығы), жабдық калибрлеуді қажет етеді.